Бір мүмін әйел... Құрбым бар деп мақтанышпен айта алам, "Мүмін" деген асқақ атқа лайық бола алған. Түр-келбеті ешкімнен артық не кем емес, Бірақ оның жан-дүниесі өзгелерден тым ерек. Сән әлемі, тренд-брэнд, қымбат киімдер, Ол үшін мұның бәрі шүберек. Ақша, мансап, танымалдық бір бөлек, Керек десең мұның бәрі, бәрі далбаса. Қымбат ас та, қымбат көлік дегендер Арманынан алыс қалған, не керек ?! Бар мақсаты ұмтылатын өмірде, Мына жалған, қысқа ғана фәниде, Разылығын іздеген ол Алланың Жатсам-тұрсам, қалай табам, қай жерде?! Ұл-қызына бола алған асыл жан, Жан жарының қамын артық жасаған....