Бір мүмін әйел...
Бір мүмін әйел...

Бір мүмін әйел...

 

Құрбым бар деп мақтанышпен айта алам,

"Мүмін" деген асқақ атқа лайық бола алған.

Түр-келбеті ешкімнен артық не кем емес,

Бірақ оның жан-дүниесі өзгелерден тым ерек.

Сән әлемі, тренд-брэнд, қымбат киімдер,

Ол үшін мұның бәрі шүберек.

Ақша, мансап, танымалдық бір бөлек,

Керек десең мұның бәрі, бәрі далбаса.

Қымбат ас та, қымбат көлік дегендер

Арманынан алыс қалған, не керек ?!

 

Бар мақсаты ұмтылатын өмірде,

Мына жалған, қысқа ғана фәниде,

Разылығын іздеген ол Алланың

Жатсам-тұрсам, қалай табам, қай жерде?!

Ұл-қызына бола алған асыл жан,

Жан жарының қамын артық жасаған.

Бітпейтұғын үй шаруасын, сауаппен

Әуел тұрып орныменен атқарған.

Шаңырағында билік құрған тазалық,

Балалы үй у-шумен кешін батырған.

Қызық емес оған «қолы ұзын» ғаламтор,

Селфи жасап, лайк сұрау да бос тірлік,

Рия жайлаған, тәккәппар әлем бір бөлек,

Күндерінен өтіп жатқан ұзақ тұр.

Босай қалса үй тірліктен қолдары,

Артық болмас білу деп, жүрегімен

Ғибрат алып, білім іздеп тұрады.

Сынақ келіп түссе егер Алладан,

Шынайы болмыс шыға келер адамнан,

Дегенмен, ол шығармас әсте есінен,

«Алла» мен сынақ, Тағдырды.

 

Сабыр еткен бұл Алланың пендесі,

Өзгешелеу нұрға толы кеудесі.

Бақ пен бақыт берші Жаратқан

Ізгілер мектебі болған тәрбиесі.

«Алтын ғасыр» кезеңнің бір сынығын

Көре алғаным мен үшін зор өсиет.

Жаннатыңды сол құлыңа нәсіп етші Құдірет,

Ақыретте мейіріміңмен рахым ет.

 

Жасандылық табылмайды, тіпті белгісі,

Туралықты ту еткен, мүмкін оның бейнесі.

Қолдан келсе егер, жақсы құрбылар,

Дәл осындай болайық, тым болмаса жартысы.

А.Қалмаханқызы

AnarAnar
7 лет назад 5751
0 комментариев
О блоге
0
375 10 8 7 4
Прямой эфир